Қазақстанда қанша промилле мас күйде екеніңізді білдірді? — новости Казахстана

0

Мас күйінде көлік айдау — адам өмірі үшін аса қауіпті. Бұл көлік жүргізушілеріне ғана емес, барша жолаушыларға да аян. Алайда, Қазақстанда 0.0 промилледен жоғары көрсеткіштің заң бұзушылық болып саналмайтын кездері де болады деп жазады Kolesa.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ukrstrahovanie.com.ua

Көрнекі фото: ukrstrahovanie.com.ua

Еліміздің заңдылығына сәйкес, жүргізуші қаны құрамындағы ішімдік мөлшері 0.5 пен 1.5 промиллені құрса, онда оның масаю деңгейі жеңіл деп бағаланады. Ал егер, промилле көрсеткіші 1.5 мен 2.5 аралығын қамтыса, онда мастықтың деңгейі орташа болмақ.

Қатты масайып қалған адам саналу үшін промилле көрсеткіші 2.5-3.0 промилле болуы керек.

Қан құрамындағы ішімдік мөлшері 3.0-5.0 промилле болса, онда мамандар мұндай жағдайды алкогольді улану деп есептейді.

Демек, 0.0 мен 0.5 аралықтағы промилле көрсеткіші жүргізушінің мас емес екендігін білдіртпек.

Мұндай көрсеткіш адам ағзасында өтіп жатқан химиялық реакциялар мен құрамында спирты бар дәрі- дәрмектерді қолдану кезінде жасалған анализдер аясында шығып қалуы мүмкін. Аталмыш реакциялар нәтижесінде эндогенді алкоголь өңделеді.

Егерде, тексеріс барысында жүргізушінің промилле көрсеткіші 0.5 промиллені құраса, онда ол арнайы сараптамаға баруы керек. Ол жерде оның нақты масаю деңгейі анықталмақ.