Қазақстанда қанша адамның ораза ұстағаны белгілі болды
Қоғамдық саясат институты Рамазан айында ораза ұстағандар жайлы қызықты деректерді алға тартты, деп хабарлайды kznews.kz сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
SocioExpert хабарлағандай, респонденттердің 35,2%–ы ораза ұстаған. Ауыз бекіткендер саны басқа өңірлермен салыстырғанда еліміздің оңтүстік өңірлерінде жоғары: Жамбыл облысында (65,6%), сондай-ақ Шымкент (60,1%) және Алматы қалаларында (53,6%).
Сұрақ-жауап алынған адамның жасы неғұрлым жас болған сайын ауыз бекіту ықтималдылығы жоғары болған: 18-29 жас аралығында бұл респонденттердің 41,1%, 61 жастан асқан қазақстандықтар арасында тек 27% ораза ұстаған.
Ауыз бекіткендер арасында ауыл тұрғындарына қарағанда (30,1%) діндарлар (38,5%) көп. Оразаны ер адамдар (34,3%) мен әйелдер (35,7%) бірдей мөлшерде ұстады. Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 12,3%–ы ұстанатын сеніміне адал, оның барлық талаптарын сақтайды.
Зерттеулер осы жылдың сәуір айында жүргізілді, оған барлығы 6800 респондент қатысты.