Қазақстанда қандай машиналар жиі ұрланады

0

Қазақстанда айсайын, орташа алғанда, 62 машина ұрланады. Аталған мақалада, «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясының мамандары қандай машиналар жиі ұрланатыны туралы баяндайды.

 ҚР қылмыстық кодексінде «Айдап кету» және «Ұрлық»-бөлек түсініледі. «Айдап кету» – «ұрлау мақсаты жоқ, автокөлікті заңсыз иелену», ал «Ұрлық» – «алдын-ала сөз байласу арқылы, тұлғалар тобымен жасалған әрекет; әлденеше рет; зорлық жасауды қолдану жолымен». Сондықтан, «Айдап кету» және «Ұрлық» үшін, жазалары айрықша. «Айдап кету» бойынша – 1 000 АЕК дейін айыппұл салу немесе бас бостандықтан 2 жылға шектеу немесе, бас бостандығынан 2 жылға айыру. «Ұрлық» үшін – 5 000 АЕК дейін айыппұл салу немесе бас бостандықтан 2 жылға шектеу немесе, бас бостандығынан аталған мерзімге айыру. Кейбір жағдайларда, сот жаза ретінде түзеу жұмыстарына жолдауды таңдауы мүмкін.

Қазақстандағы машиналар саны

ҚР статистика Комитетінің мәліметтері бойынша, қазақстандықтарда 3,7 миллион жеңіл машиналар бар. Бұл 10 жыл бұрынғыдан 39% астам. Орташа, әрбір бесінші қазақстандық машина иесі.

Ең көп автомашина Алматы облысында тіркелген – 490 812. Бұл, жүз тұрғынға шаққанда – 24 авто. Екінші орында Алматы – 470 360, үшінші орында – Шығыс Қазақстан облысы – 298 039, төртінші орында Қарағанды облысы – 283 876. Нұр-Сұлтан тек бесінші орында – 265 022 автомашина. Машинасы ең аз, Қызылорда облысы – 113 524.

Жүз тұрғынға шағылған автомашина саны бойынша, көшбасшысы – Алматы (25). Ал Қазақстанның ең «жүргінші» аумағы – Шымкент және Түркістан облысы. Мұнда, 100 тұрғынға бар болғаны 10 автомашина.

Қандай машиналар жиі ұрланады

 

Айсайын елімізде орташа алғанда, 62 машина ұрланады және 150 автомашина ұрлау мақсатсыз, айдап кетуде. Ұрлық саны бойынша-Алматы ең алдында. Мұнда, орташа алғанда, айсайын 21 автомашина ұрланады. Бұл,елдегі жалпы ұрлық санынан 34% құрайды. Рейтингтің екінші орнында – Қарағанды (8 ұрлық), үшінші орында – Шымкент және Түркістан облысы (5 ұрлық), төртінші орында Қостанай облысы (4,5 ұрлық), бесінші орында – Алматы облысы (4,3 ұрлық). Рейтингтегі ең «қауіпсіз» аумақтар – Атырау және Сол-Түстік Қазақстан облыстары. Аталған аумақтарда, айсайын жиынтықта бір машина ұрланады.

ТМД-да (соның ішінде, Қазақстанда) ең жиі айдап кететін машиналар – Toyota, ВАЗ және Mazda. Аталған маркалар айдап кету қауіпіне көбірек ұшырауда. Бұны ҚР ІІМ мәліметтері сондай-ақ, бейтарап сервистер мен зерттеулері растайды. Сонымен қатар, ең жиі айдап кететін машиналар тізіміне кіретіндері: Honda, BMW, Lexus және Hyundai.

 

Автоұрлықшылар құрбаны болудан қалай сақтану керек

 

Ұрлықшылардан машинаны қорғап қалудың жүзпайыздық әдісі жоқ. Алайда, олардың құрбаны болу ықтималын шектеу амалдары баршылық. «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясының мамандары, машинаның есік, терезелері және жүксалғышы жабылғанын тексеруді кеңестейді. Машинаны қараусыз ұзақ мерзімге қалдырғанда, бұл өте маңызды. Одан басқа, салон ішінде құнды заттарды қалдырмаңыз.

 

Машинаны қорғаудың минималды құралдары туралы ұмытпаңыз – дабыл бергіш және айдап кетуге қарсы арнайы қондырғылар. Машинаны күзеті бар тұрақта және гаражда ұстаңыз. Кәсіби айдап кетушілерден бұл қорғамайды, бірақ кездейсоқ бұзақылар мен қылмыскерлерден сақтап қалуы мүмкін.

 

Бұдан басқа, КАСКО ерікті автосақтандыру полисін ресімдеңіз. Полис ұсақ-түйек сызаттардан, айдап кетуден және көліктің ысырап болуынан қорғайды, сонымен қатар, ЖКО, зілзала апаттар, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан туындаған нұқсанды өтейді.