Қазақстанда қалың қар жауады: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы

0

Қазақстанда қар жауып , жел күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің айтуынша, 3-5 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде қар жауады деп болжануда.

Оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттар республиканың басым бөлігінде ауа-райын анықтайды.

Қар жауады, кей облыстарда қалың қар жауады, желдің күшеюі қарлы боранмен бірге жүреді, тек батыста бұлтты және аязды ауа-райы сақталады. Кей жерлерде тұман күтіледі, — деп атап өтті «Қазгидромет» РМК.