Қазақстанда қалаарлық автобус қатынасы ашылады
Қысқа сілтеме алу
Көлік жүргізушілері бетперде, қолғаппен қамтамасыз етіліп, адамдар арасында кемі бір метр арақашықтық сақталуы тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қалааралық автобустардың қай кезде жолға шығатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көлік комитеті төрғасының орынбасары Жәнібек Тайжановтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның шешімімен жақын күндері қалалар арасында блок-бекеттер алынады. Осыған байланысты 5 маусымнан автобус қатынасын қалпына келтіру жұмысы басталады.
«Бас санитарлық дәрігердің қаулысы негізінде жолаушыларды тасымалдау ережесі әзірленді. Оған сәйкес, автобустар дезинфекциядан өткізіліп, жолаушылар салонға тек бетпердемен ғана кіргізілетін болады», – деді Тайжанов бүгінгі онлайн брифингте.
Комитет өкілінің түсіндіруінше, адамдар арасында кемі бір метр арақашықтық сақталуы тиіс. Көлік жүргізушілері бетперде, қолғаппен қамтамасыз етілуі шарт. Ал әкімдіктер болса, бақылау шараларын жүргізеді.
Оқи отырыңыз: «Жаман сөздің бәрін біз естиміз»: Нұр-Сұлтанда автобус айдайтын көпбалалы ананың әңгімесі
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде елімізде 313 халықаралық маршрут қызмет көрсетеді. Осы бағыттарда 88 тасымдалдаушы компания жұмыс істейді. Оларда барлығы 610 автобус бар.
sputniknews.kz