Қазақстанда президенттікке кандидаттар тегін тамақ, ақша тарата ала ма?
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның ОСК сайлауалды үгіт кезінде қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді атады
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жүргізу кезінде сайлаушыларға тегін тауарлар беруге, ақша төлеуге немесе оны уәде етуге қатаң тыйым салынады, деп хабарлады Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы.
Орталық сайлау комиссиясы кімдер сауалнама жүргізуге құқылы екенін мәлімдеді
Сайлауалды үгіт үш түрлі жолмен: БАҚ арқылы, сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу арқылы және баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізіледі.
«Сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, соның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ белгілерді, туларды, жалауларды тегін таратуға болатынын есте сақтау маңызды», — деп жазылған хабарламада.
Дегенмен сайлаушыларға тегін немесе жеңілдікті жағдайларда тауарлар, бағалы қағаздар беруге, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізуге, ақша төлеуге не оларды беруге уәде етуге тыйым салынады.
sputniknews.kz