Қазақстанда парламенттік реформаның қажеттілігі пісіп жетілді – саясаттанушы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Саясаттанушы қазақстандық саясаткерлер жұрт алдында сөйлеудің маңыздылығы мен жауапкершілігін түсінбейді деген пікірде  

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық депутаттардың ойланбай айтқан сөздері парламенттік реформаның қажеттілігін көрсетеді. Мұндай пікірді Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев білдірді.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Андрей Чеботарев

Чеботарев қазір қазақстандық саясаткерлер мен шенеуніктер табандылықты жоғалту тенденциясына ұрынып жатқанын атап өтті. Мұндай жағдаймен күресу үшін, саясаттанушының пікірінше, парламентті реформалау қажет.

Тағы оқыңыз: Елбасы тұрғанда Қазақстанда билік транзиті аяқталды деп айтуға болмайды – саясаттанушы 

«Президент оны қолға ала ма, жоқ па, білмеймін, өйткені парламенттік реформа – конституциялық реформаның негізі. Оның үстіне қазір президентке басқа мәселелер маңыздырақ. Мүмкін кейінірек Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі туындауы мүмкін, ол парламенттің мәселелеріне және депутаттардың жауапкершілігіне әсер етеді», — деп түйіндеді орталық басшысы.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Әлібек Тәжібаев

«Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеулер орталығының директоры және Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Әлібек Тәжібаев қазақстандық саясаткерлер коммуникациялық дайындықтың маңыздылығын жете бағаламайтынын айтты. Жылдам жаңалықтар мен хайп заманында өз сөзіңнің жауапкершілігін және оның қоғамда қалай қабылданатынын түсінуің маңызды.



sputniknews.kz