Advertisement
Республика бойынша өсім 2,6 процент болды, дегенмен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 7 проценттен асып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 366 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өсім 2,6% болғанын хабарлады.
Өңірлер бойынша:
- Қарағанды облысы – 77 (5,7%),
- Алматы қаласы – 46 (1,5%),
- Шымкент қаласы – 46 (4,4%),
- Павлодар облысы – 35 (11,7%),
- Атырау облысы – 32 (2,6%),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 24 (0,9%),
- Батыс Қазақстан облысы – 20 (2,2%),
- Түркістан облысы – 20 (4,8%),
- Ақтөбе облысы – 10 (2,0%),
- Алматы облысы – 10 (2,0%),
- Шығыс Қазақстан облысы -10 (4,5%),
- Жамбыл облысы – 9 (1,9%),
- Солтүстік Қазақстан облысы – 8 (10,5%),
- Қызылорда облысы – 7 (1,4%),
- Қостанай облысы – 5 (2,4%),
- Ақмола облысы – 4 (2,2%),
- Маңғыстау облысы – 3 (0,8%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14238.
Соңғы мәлімет бойынша, індеттен 8829 науқас жазылып шығып, 70 адам қайтыс болды.