Қазақстанда өткен аптада 39 адам қар құрсауында қалып көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қыс қаһарына мінді. Бірден мұндай боран болады деп ешкім күтпесе керек. Ескертуді елемей бала-шағасымен жолға шығып, қардың астында қалған көліктерде есеп жоқ. Ал, көктайғақтан болған апаттардың саны тіпті, адам шошытады.

Қазақстанда өткен аптада 39 адам қар құрсауында қалып көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қардан  көшелер әлі аршылмады» деп, наразы тұрғындардың видеолары да желіге сағат сайын жүктеліп жатыр. Бұл әлі басы ғана ма? Синоптиктер не дейді?  Бет қаратпайтын боранды аяз алдағы бес күнде қай өңірлерге келуі мүмкін? 

Видео авторларына сенсек, Түркістан облысында қалың қар жауған. Борандатқан демалыстарда тәуекел етіп, жолға шыққандар екі күнге жуық тасжолдың бойында қалып қойған-мыс. Бейнежазбада бірнеше шақырымға созылған көліктерді де байқауға болады.

«Қазавтожол» ма, басқа да жолға қарайтын фирмалар қайда қарап отыр? Қар мүлдем тазаланбаған», — дейді видеео жүтеушілер.   

«Аталған аумақта 211 бірлік автокөлік жолаушылармен кептелісте қалып қойды. Оқиға орнында 3 станционарлық жылыту құралы құрылды. Осы жылыну пунктерінің 120 адам, оның ішінде 18 бала қауіпсіз жерге орналастырылды», — ТЖД Түркістан облысы бойынша бөлім басшысы Қанат Қарабалаев. 

Жағдай Алматы облысында да мәз емес. Алматы-Ташкент тасжолының учаскесінде өткен демалыстарда 26 көлік пен 140 адам боран құрасуынан шығарылған. Оның сегізі бала. Сондай-ақ Қорғас тасжолын да қар басып қалған.  

Ақша төлеп қатынайтын бетон жол елорда мен Теміртау арасында да бар. Екі қаланың ортасындағы торапта адамдар өздерін құдды мұз айдынындағыдай сезінеді.

Расымен де боранды ауа райында жолда соқтығысқан темір тұлпар көп. Әсіресе, жүк таситындары шығынға батқандай. Дегенмен, жеңіл көлік рөліне ие болмай қалғандар да баршылық. Бірақ, дәл осы оқиғада зақым алғандар жайлы ақпарат жоқ.    

Республикалық трассаларға жауапты «Қазавтожол» өкілдері автокөлік иелерінің өзін кінәлауда. Жолда күн райына қарамастан, жүйткіп жүретіндер көп. Сондықтан осындай күндері жылдамдықты асырмаған жөн дейді.

«Соңғы екі тәулікте 3 мың тонна тайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Автокөлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін 600-ге жуық жол пайдалану техникасы, 590 адам жұмылдырылды», — деді «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ пайдалану департаментнің менеджері Жасұлан Қалтаев. 

Ескертпеге қарамастан, ұзақ жолдан қорықпағандарды құтқару да оңай емес. Кешеден бері әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналған мына полицейдің өтініші соған дәлел.    

Жалпы осы екі күнде Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында да ауа райы нашарлаған. Мамандарға сенсек, кей жерлерде автокөлік тізгіндегендер жолды тек бес метрге дейін көріпті. Өткен аптада елімізде 166 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 210 адам зақым алған, 34 адам көз жұмыпты. Ал, синоптиктер осы аптада Солтүстік Қазақстан, Қызылорда Түркістан, Шығыс Қазақстанда, Ақмола облыстарында ауа райы нашарлайтынын ескертеді.

stan.kz