Қазақстанда орташа жалақы қанша?
Өңірлер арасында ең жоғары жалақы Атырау облысында тіркеліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құраған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіне сілтеме жасап.
Биылғы жылдың І тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңге болған.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақыны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазумен айналысатын жұмысшылар алады – 401,1 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары.
Бір шаршы метрі – 115 теңге: сенат заңды қабылдады
Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі – 323 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік саласында – 218,2 мың теңге.
Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркеліп отыр – 93,2 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 44,7%-ке төмен.
Тоқаев заңға қол қойды: маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
Өңірлер арасында ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, яғни орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге жоғары. Ең төменгі жалақы Түркістан облысында екен, 109,0 мың теңгені құраған.
sputniknews.kz