Қазақстанда Ораза айт мейрамы басталды

0

Сәрсенбі, 5 маусым күні таңертең Қазақстандағы мешіттердің барлығында айт намазы оқылып, Ораза айт мерекесі басталды. Айт кезінде әр отбасында дастарқан жайылып, адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, игі тілек тілеп, үйіне айттап келген мейманға арнайы әзірленген дәм ұсынады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді Ораза айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда.

«Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер. Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт құтты болсын!» делінген президент құттықтауында.

Биыл Рамазан айы 6 мамыр күні басталған. Шариғат бойынша, бұл айда мұсылмандар 30 күн ораза тұтып, ауыз бекітті.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз