Қазақстанда оқу бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Алик Шпекбаев барлық оқу орнында «Адалдық негіздері» деп аталатын міндетті пән енгізетін уақыт келді деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев білім бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін агенттіктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы өткен жылдың қорытындысын жасап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Осы орайда Шпекбаев жеморлықтың зиянын түсіндіру және адал қоғамды қалыптастыру шараларына баса назар аударды.

«Мәселен, Transparency Kazakhstan-ның қолдауымен жеморлыққа қарсы жазғы мектептер тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Бүгінде ол мектептердің саны 4 мыңға жуықтады», – дейді Шпекбаев.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйектен жаңа пән оқытыла бастайды

«Инфрақұрылым да жасалып жатыр. Адалдық дүкендері мен киоскілері ашылуда. Барлық оқу орнында «Адалдық негіздері» деген міндетті пән енгізетін уақыт келді деп ойлаймын», – деп түйіндеді Шпекбаев.

Оның пікірінше, жаңа пән енгізудің арқасында білім мекемелерінде тәрбие жұмыстары күшейеді.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз