Қазақстанда оқ-дәрінің жеткілікті болуы біреулерге қажет емес – сарапшы

0
1500

26 тамыз ҚР Қорғаныс министрлігінің тарихында кезекті бір қайғылы дата ретінде қалмақ. Ел аман, жұрт тынышта Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының маңындағы әскери қойма жарылды. Облыс жұрты абыр-сабыр күй кешіп, нақты ақпарат күтумен болды. Жерді сілкіндіре жарылған жарылғыштардың даусы тіпті 300 шақырым жердегі Түркістан халқына да естіліп жатты.

Қазақстандағы әскери қоймаларда болған жарылыстан 15 адам қаза тапты. Жарылыстың себептері әлі анықталуда. Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, техникалық сипаттамаларына сәйкес, өртенген қоймада болған инженерлік оқ-дәрілер жарылмауы керек еді.

Украинаның шығыс облыстары басып алынар алдында «оғаш» «бауырлас» жарылыстар сериясы да орын алды. Бір нәрсе түсінікті: Қазақстанда оқ-дәрі қоймалары жарылғаны біреуге, шын мәнінде, Қазақстанда оқ-дәрінің жеткілікті болуы қажет емес.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты