Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға дайындық басталады
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президентінің жарлығымен 2003 жылдың желтоқсанында өлім жазасына мораторий жарияланған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігіне өлім жазасын алып тастауға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттамаға қосылуға дайындықты бастауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Біздің құқық қорғаушылар көтерген мәселелерді шешетін уақыт келді. Сыртқы істер министрлігіне Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттамаға қосылу процедурасын бастауды тапсырамын», -деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.
Қазақстанда қазіргі таңда өлім жазасына мораторий жарияланған.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттама өлім жазасын алып тастауды көздейді.
Құжат 1989 жылы 15 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 44/128 қарарымен қабылданды. Хаттаманы ратификациялаған мемлекеттер өлім жазасын алып тастау адамзаттың құндылықтары мен адам құқықтарының прогрессивті дамуын нығайтуға септігін тигізеді деп санайды.
Хаттаманың бірінші бабында «қолданыстағы хаттамаға қатысушы мемлекеттің қарауындағы бірде-бір тұлға өлім жазасына кесілмейді» делінген. Сондай-ақ, әр қатысушы мемлекет өз құзыреті аясында өлім жазасын алып тастау үшін барлық қажетті шараны қабылдайтыны жазылған.
Тағы оқыңыз: Он бір жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты
sputniknews.kz