Қазақстанда неке қию саны азайды
Қысқа сілтеме алу
Жыл басынан бері неке қиған ауыл тұрғындарының саны азайып, ажырасу көрсеткіші көбейген
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Биыл Қазақстанда тіркелген некелердің саны азайды. Осы жылдың бірінші желтоқсанында 27,9 мың қазақстандық үйленді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ке төмен, деп хабарлайды Ranking.kz.
Мәліметке сәйкес, қалада некеге тұрғандардың саны 18,7 мың адам немесе 67% болған. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда бір процентке жоғары. Ал ауылдарда 9,2 мың адам үйлену тойын өткізген. Бұл 33%-ке тең. 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 7,1%-ке төмен.
Бір қуантарлығы, биылғы жылдың бірінші тоқсанында ажырасқандардың саны 13,1 адамға немесе 2,7%-ке азайыпты.
«Қала тұрғындары жиі ажырасады екен. Мысалы, осы жылдың басында бұл көрсеткіш 74,3% немесе 9,7 мың адам болған. Өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ке төмен. Ал ауылдарда 3,4 мың адам ажырасқан», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, өткен жылы да заңды некеге тұру үрдісінің төмендегені байқалыпты. Жалпы 2018 жылы 137,8 мың неке тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,8%-ке аз.
Қай өңірде үйленетіндер саны көп
2019 жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметке сәйкес, Түркістан облысы мен Алматыда неке қиған жас жұбайлар саны ең көп. Бұл өңірлердің әрқайсысында 3,4 мың неке тіркелген. Үздік үштікті Алматы облысы қорытындылайды. Мұнда 3 мың отбасы пайда болды.
Қазақстанның 17 өңірінің тек 2 өңірінде ғана некенің саны артқан: Алматы қаласы (7,4%) және Ақтөбе облысы (3,5%).
Ажырасу көрсеткіші жоғары өңірлер
Алматы (1,7 мың), Алматы облысы (1,4 мың) және Қарағанды облысында (1,2 мың) жиі ажырасады екен.
sputniknews.kz