Қазақстанда Наурыз мейрамы қалай тойланады
Наурыз мейрамы — көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген сенім бар.
Қазақстандағы Наурыз: мерекеге байланысты дәстүрлер
Қазақ халқында ежелден Наурыз мерекесін көктемнің келуімен орайластырған. Оны тойлау шын мәнінде келесі жаңа кезеңнің бастауына деген құрмет болып болып саналады, сондықтан мереке ерекше аталып өтеді. Қазақтар бұл мейрамда ең жақсы киімдерін киіп, туған-туыс, көрші-қолаңмен жиналып, дәстүрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырады, ән айтып, би билейді. Наурыз мейрамына тән салт-дәстүрлер де қалыптасқан.
Оның ішінде ең маңыздысы – жаңаруға, тазалыққа бет бұру. Ол көптеген ғасырлар бұрын пайда болып, бүгінде жойылған жоқ. Адамдар тек үй ішін емес, ауланы да тазалайды.
Ең бастысы — ақ сақалды Қыдыр атаға (сенім бойынша мереке қарсаңында келетін қария) халықтың жаңа жылға қалай дайындалатынын сезіндіру. Ол үшін түні бойы киіз үйдің төріне екі майшам жағылады. Қазақта Наурыз мейрамына қатысты түрлі сенім-наным бар.
Мысалы, егер мерекеде үй ішітаза болса, онда оның тұрғындары жыл бойы: қиындықсыз, уайымсыз өмір сүреді; ауру-сырқау, пәле-жаладан аулақ болады. Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтар молшылық шақыру үшін үйдегі барлық ыдысты тағамдармен, дәнді-дақыл, бұлақ суы, сүт, айранмен толтырып қойған. Мұндай дәстүр жаңа жылда жақсы өнім болады деген сенімге негізделген. Бұдан бөлек, мереке қарсаңында қарыз өтеуге, араздасып қалған жақын жандармен татуласу үшін таптырмас уақыт болып есептеледі. Өйткені ескі жылдан жаңа жылға өкпе-ренішті тасуға болмайды деп сенеді.
Наурыз мейрамы келгенде оны жаңа киіммен қарсы алу керек деген тұжырым бұрыннан қалыптасқан. Бұл дәстүр халқымызда келер жылы тоқшылық, молшылық болсын деген тілектен туған. Ертеде көктем мерекесіне дайындықты таң атқаннан бастап кетеді. Күн шыққанша үлкендер де, жастар да, балалар да бұлақтарды тазалауға қатысқан.
Сонымен қатар тал егетін. Түрлі-түсті киім киген мерекелік көтеріңкі көңіл-күйдегі «көктем хабаршылары» көшелерді аралап, халықты той тойлауға шақырған. Наурыз мейрамын атап өту тоқмейілсушілікке ұласатын. Көшеде кезіккен адамдар бір-біріне сәлем беріп, құшақтасатын, бір-біріне жақсы тілектер айтатын болған. Жиналған жұрт жан-тәнімен көңіл көтерген. Олар «Наурыз жырын» хормен орындап, түрлі байқаулар ұйымдастырды. Жұмбақ жасырып, жаңылтпаш айтып, тоғызқұмалақ, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар ойналады. Ертеде қазақтар Наурыз мейрамында жүгіру жарысын ұйымдастырғанды ұнататын және оған қатысушылар жалаң аяқ жүгіретін. Бұл дәстүр адамның табаны жерден күш алады деген сенімнен туған. Мерекеде, әрине, дастархан жаю — басты міндет. Түскі уақытта дастарханға қойылған мерекелік астан ауыз тиген. Асқа бата жасалған. Сонымен қатар, әулеттің үлкендері жиналғандарға да ақ батасын берген. Жаңа күннің дастарханына арнайы әзірленетін тағам бар. Ол «Наурыз көже» деп аталады. Ақ көже сүт, бұлақ суы, дән, ұн, тұз, май және ет сияқты жеті құрамдас бөліктен тұрады. Наурыз мейрамында жеті үйді аралап, жеті қонақ үйінен дәм татқан адам келер жылы шексіз бақытқа кенеледі деп есептелген.
Қазақстанда Наурыз қазір қалай тойланып жүр
Наурыз мейрамының тарихына үңілсек, көңілге қаяу түсіретін сәттер бар. 1926 жылдан бастап дәстүрлі Жаңа жыл мерекесін тойлауға тыйым салынды. 1988 жылы мереке халыққа ресми түрде қайтарылып, Наурыз 2001 жылы мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2009 жылдан бастап мерекелік демалыстың ұзақтығы үш күнге созылды. Мейрам көктемде күн мен түннің теңелетін уақыты, яғни 21 наурыздан 23 наурызға дейін жалғасады. Ал 2022 жылы қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай 5 күн демалады. Көктем мерекесінің бірнеше күн бойы тойлануы бұрыннан қалыптасқан дәстүр.
Адамдар бұл күні жақсылық жасауға, сондықтан жоғарыда аталған дәстүрлерді ұстанады. Мереке қарсаңында әр отбасы үйін тазалайды. Саябақтар мен көшелерде де тазалық жұмыстары жүргізіледі. Қалалар мен ауылдарда жаппай ағаш отырғызылады. Адамдар жаңа киім алып, ескі-құсқыны тастап, сынғанын жөндеп, қарыздарын өтеп, барлығымен татуласуға тырысады.
Мерекеге орай ұйымдастырылатын мәдени шаралар да мазмұнды. Коронавирус пандемиясына дейін халық мерекеде көңіл көтеретін: жұлдыздардың қатысуымен концерттер; кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдары дайындаған театрландырылған қойылымдар; дәстүрлі мерекелік тағамдар (палау, бауырсақ, Наурыз көже және т.б.) дайындалатын аспаздық турнирлер; қолданбалы өнер және асыл тұқымды жануарлар көрмелері; ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды
. Ірі қалалардың тұрғындарына киіз үй қалашықтарын аралауға мүмкіндік бар. Қалалықтар халықтық салт-дәстүрмен, қолөнермен танысады. Арқан тартушылар мен ақындар, шабандоздар өз өнерлерін көрсетеді. Театрландырылған қойылымдар Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері үшін қызықты мерекелік іс-шара. Наурыз мейрамы жай ғана ұлттық емес, бүкіл қазақстандықтардың мейрамына айналды. Оны тойлауға республика аумағында тұратын барлық этностардың өкілдері қатысады. Мерекелік этноауылдар арасында орыс немесе неміс халқының үйшігін көру таң қалатын жағдай емес.
Қалаларда ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде қазақтың дәстүрлі тағамдарын оңай табуға болады, олардың ішінде әсіресе: сүзбе мен құрт; сарымай мен жент; ірімшік; шұжық пен қазы аса танымал. Түркістанға туристер көп келеді. Бұл қалада Наурыз мейрамын кең көлемде қарсы алады. Мұнда киіз үйлер тігіліп, мол жайылады, «Алтыбақан» құрылады. Аспаздар дәмді палау мен наурыз көже әзірлейді. Түркістанда Наурызды тойлатудың тағы бір ерекшелігі — мұнда түйелер мен жылқылардың көрмесі өтеді. Дәстүрлі түрде әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Шағын қалалар мен ауылдарда мерекенің ауқымы кішірек болады, бірақ мұнда Наурызды әрқашан ерекше қарсы алады. Әдетте, жергілікті тұрғындар қазіргі қалаларда ұйымдастыру мүмкіндігі бола бермейтін қазақтың дәстүрлі ойындарын өткізеді. Мысалы, бәйге, күрес, аударыспақ ұйымдастырып, көңіл көтереді. Қазір елімізде жаһандық пандемияға байланысты Наурыз мейрамын жаппай тойлауға тыйым салынған. Дәстүрді сақтау керек, бірақ қазір адамдардың денсаулығы мен өмірі маңызды. Қазақстанда Наурыз мейрамы бірнеше күн тойланады. Ендеше мейрамды дәстүрге сай, мерекелік көжеден дәм татып, отбасыңызбен бірге өткізіңіз, ал басқа да жақындарыңызды онлайн түрде құттықтай аласыз.