Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

0

Қазақстанда Наурыз есімді бір жарым мыңға жуық адам тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратыны туралы инфографика дайындаған.

«Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-і ер адам, 36-ы әйел. Наурыз есімді азаматтардың көбі Маңғыстау облысында — 278 адам, Түркістан облысында — 190 адам, ал Қызылорда облысында — 160 адам тұрады», — делінген ақпаратта.

2021 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 1 қаңтар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген екені.