Қазақстанда мұнайдың артынан бензин арзандай ма – министрдің жауабы

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндіру көлемін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Бензин бағасын ұсыныс пен сұраныс реттейді, мемлекет араласпайды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден мұнайдың арзандауына байланысты бензин бағасы түсе ме деп сұрады.

«Бензин бағасы бірнеше жыл еркін айналымда, нарықтық шарттар өзі реттейді. Ұсыныс пен сұранысқа қарай реттеліп келеді. Бензин бағасы қазір тұрақты», — деді Ноғаев үкімет отырысынан кейін.

Ол мұнай өңдеу зауыттары штатты режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндіру көлемін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ.

Айта кетсек, Сауд Арабиясы мен Ресей ОПЕК келісімінен шыққаннан кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт төмендей бастады. Қара алтын барреліне 30 долларға дейін арзандады. Соның салдарынан Қазақстанда доллар тағы қымбаттады. Мегаполистердегі айырбастау пунктерінде доллар бағамы 397 теңгеге дейін өскен.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк базалық ставканы өсірді

10 наурыз таңертең мамырға арналған Brent фьючерс бағасы 6,67%-ке қымбаттады, яғни, баға барреліне 35,69 долларға дейін өсті. Арасында өсім 7%-ке жетті. Сәуірге арналған WTI маркалы фьючерс баррелі 32,37 долларға дейін қымбаттап, 3,85%-ке өсті.



sputniknews.kz