Қазақстанда мүгедек баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақы өседі

0

Мүмкіндігі шектеулі балаға тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы көлемі 1 шілдеден бастап өседі. Бұл туралы 5 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Өзгерістерге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар 1 шілдеден бастап 41 578 теңгені көлемінде жәрдемақы алатын болады. Бұған дейін олар 31 183 теңге көлемінде жәрдемақы алып келген.

Бұл жәрдемақы 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы — бала кезінен бірінші топтағы мүгедек жанға күтім көрсететіндер.

Жәрдемақыны қайта есептеу «автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл үшін жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды».

Azattyq