Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлерге айыппұл салу ұсынылды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова балаларға жасалған зорлық-зомбылық әрекеті туралы құқық қорғау органдарына жеткізбеген педагог, медициналық және әлеуметтік жұмыскерлерге салынатын айыппұл санкциясы түріндегі жаңа шара туралы мәлімдеді.

Қазақстанда мұғалімдер мен дәрігерлерге айыппұл салу ұсынылды

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

«Егер дәрігер баланың денесінен ұрып-соғу іздерін көрсе, бұл туралы үндемей қалмай, құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Егер мектептегі мұғалім баланың соққыға жығылғанын, басылып қалғанын көрсе, ол да шара қабылдау керек», — дейді Бычкова. 

Сенат тиісті заң жобасын мақұлдаған жағдайда балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты айыппұл санкциясы күшіне енеді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz