Қазақстанда минус 33 градусқа дейін күн суытады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстанға суық фронттар ығысады, соның әсерінен қар жауып, бұрқасын болады, ауа температурасы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш тәулікке ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер Қазақстан арқылы арктикалық суық фронттардың өтетінін ескертеді. Соның әсерінен қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан  күшті жел соғады.

«Оңтүстік облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, жабысқақ қар, тұман және көктайғақ болады. Ал фронттардың артынан ығысатын антициклонның ықпалынан республиканың солтүстік және батыс облыстарында аяз болады. Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады», — дейді мамандар.

Шығыс пен орталықта түнде ауа температурасы минус 25…33°С-қа дейін төмендейді. Бірақ атлантикалық циклондардың әсерінен аязды күндер ұзақ сақталмайды. 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасы жоғарылайды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

11 ақпанда астанада күн ашық болады. Түнде ауа температурасы -22 градус, күндіз минус 14 градус шамасында.

12 ақпанда көшпелі бұлт жүреді. Күндіз – 11 градус, түнде –19 градус.

13 ақпанда күн бұлтты. Түнде ауа температурасы минус 14 болса, күндіз 3 градус аяз.

Алматы

11 ақпан күн бұлтты, таңертең жаңбыр жауады. Арты жабысқақ қарға ұласады. Түнде сынап бағанасы минус 4 болса, күндіз плюс 4-ке дейін жылиды.

12 ақпанда күн алабұлтты. Ауа температурасы түнде минус 5, күндіз 5 градус жылы.

13 ақпанда күн бұлтты. Қар аралас жаңбыр жауады. Түнде минус 1, күндіз плюс 3.

Шымкент

11 ақпанда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде плюс 1, күндіз 7 градус жылы.

12 ақпанда көшпелі бұлт жүреді. Ал түстен кейін жаңбыр жауады. Түнде плюс 2 градус, күндіз 9 градус нөлден жоғары.

13 ақпанда күн ашық. Түнде 2 градус суық, күндіз плюс 6 градус.



sputniknews.kz