Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге 9,4 млрд теңге бөлінеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Үкімет отырысында Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу үшін 9,4 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге 9,4 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы бірінші вице-премьер, қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады.

«Бұл сома негізінен бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталатын болады, онда 70 мың адам жұмыс істейді», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, ақшаның басым бөлігі сайлау учаскелерінің жұмысына қатысатын адамдарға жалақы есебінде беріледі.

«Әрбір облыстағы учаске саны, жұмыс істейтін адамдардың саны анықталды. Барлық адам осы учаскелерде толық жұмыс істемейді, біз осы нюанстарды түсіндіріп, 9,4 млрд теңгеге жетеді деп шештік», — деді министр.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін үкіметтен 12 миллиард теңге сұраған еді.

stan.kz