Қазақстанда мектеп түлектеріне аттестат табыстау рәсімі ата-аналарсыз өтетін болды — Қазақстан жаңалықтары

0
129

Қазақстанда мектеп түлектеріне аттестатты табыстау рәсімі ата-аналарсыз өткізілетін болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

выпускной

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

«Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға қашықтан дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басынды өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты түрде аттестаттар тапсырылып, 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады», — деді вице-министр.

Сөзінше, аттестат тапсыру рәсімі шақырылған қонақтарсыз өтетін көрінеді.

«Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық ауада, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыруда әдеттегі мектеп формасында болу ұсынылады», — деп қосты ол.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мектеп түлектерінің аттестат алу рәсімі маусымда өткізілетіні жайлы айтқан болатын.

«Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс», — деді Ералы Тоғжанов.


Қазақстанда ҰБТ қашан басталатыны айтылды

stan.kz