Қазақстанда малды сыртқа тасымалдауға жарты жылға шектеу қойылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда малды сыртқа тасымалдауға алты айға шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сиыр

Атап айтсақ, енді алты бойы сиыр, қой және ешкі сынды малдарды сырт мемлекеттерге тасымалдауға тыйым салынды. 

15 сәуір күні «Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жануарлар туралы» заңына ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен қаржы министрі Әлихан Смайылов бірлесіп қол қойыпты. 

«ҚР аумағынан алты айға ірі қара мен қой, ешкі сеілді малдарды сыртқа тасымалдауға алты айға шектеу қойылады», — делінген құжатта. 

Бұйрық шығарылған күннен он күн өткен соң, 25 сәуір күні өз күшіне енеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан сыртқа малды тасымалдауға 10 ақпан мен 22 сәуір аралығында тыйым салынған еді. 

Бұл кезде ауыл шаруашылығының бұрынғы министрі Асылжан Мамытбеков бастаған Қазақстанның ет қауымдастығы бұл шешімге қарсы шығыпты. Наразы топ шектеудің еттің қымбаттауына байланысты қойылып жатқандығын айтыпты. 

stan.kz