Қазақстанда лоторея терминалдарына тыйым салынды

0

Қазақстанда бір мезетте ойнатылатын электрондық лотерея дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Азаматтар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен дабылдарға жауап ретінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі рет – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ға лотерея клубтары мен электрондық лезде ойнатылатын лотерея жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар жіберді. Министрліктің 20 қаңтардағы соңғы ұсыныстарына сәйкес 30 қаңтардан бастап лотерея операторы республиканың барлық аумағында lotomatic терминалдары/дүңгіршектері арқылы электрондық лезде ойнатылатын лотереяны таратуды уақытша тоқтатты», — делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Алайда, министрлік кей жерлерде lotomatic-тің ресми «сары-көк» терминалдарына ұқсас жалған құрылғылар жұмыс істей беретіндігін жоққа шығармады.

«Осыған байланысты азаматтардан мұқият болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ Министрліктің «Telegram» чат-ботына хабарлауды сұраймыз (https://t.me/stop_online_casino_bot) және «WhatsApp» (+7 707 9071507) Lotomatic дүңгіршектерінің немесе заңсыз лотерея терминалдарының жұмысының барлық фактілері туралы хабарласаңыздар болады. Әрбір өтініш лотерея операторымен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп мұқият пысықталатын болады. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады», — деп толықтырды ведомство.