Қазақстанда ЛГБТ сайты бұғатталды

0

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ қазақстандық сайтын бұғаттағаны белгілі болды, деп хабарлайды KazFace.kz.
«Selftanu.kz — LGBTQ+ жасөспірімдер мен өзін-өзі түсінгісі келетіндерге арналған жоба», — мұндай сипаттама ЛГБТ сайтының басты бетінде бұғатталғанға дейін жазулы тұрған еді.

Бұл сайт Қазақстандықтардың арасында аралас эмоцияларды тудырды. Көптеген адамдар өздерінің наразылықтарын ашық білдірді. Бұл сайт алғаш ашылған күні-ақ қазақстандықтар дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға қарсы петиция бастады.

KazFace.kz редакциясы бұғаттаудың себебі туралы түсініктеме алу үшін ақпарат министрлігіне жүгінді.

“Мониторинг барысында «selftanu.kz»  интернет-ресурсында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға байланысты заңнаманың бұзылуы анықталды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган балалардың психо-жас ерекшеліктеріне, олардың ақпараттық ортасына, тарихи және өзге де дәстүрлерге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарына теріс ықпалын ескере отырып, сондай-ақ балаларды тиісті тәрбиелеу және толыққанды дамыту мақсатында ЛГБТ қозғалысының идеяларын қазақстандық халық арасында тарататын интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеуді қажет деп санады.

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы»  , сондай-ақ балалар арасында таратуға Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тыйым салынған ақпарат кіретіні белгіленген.
Сондай-ақ, «Бала құқықтары туралы» заңда порнографияны тарататын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану да заңмен қудаланады және оларды таратуға тыйым салынады делінген. Осы себептер бойынша министрлік бұл интернет-ресурсқа қол жеткізуді шектеу жөнінде шаралар қабылдады”, — делінген.

Бұл ретте министрлік өкілі аталған сайт заңнаманы бұзушылықтарды жойған жағдайда оған қолжетімділік қалпына келтірілетінін атап өтті.

фото: freepik.kz