Қазақстанда Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция басталды

0

Қазақстандықтар Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында Владимир Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция бастады. Бұрын ескерткіштің кездейсоқ зақымданғаны туралы резонанстық бейне Қазнетте тараған болатын. Толық емес бес күн ішінде петицияға 4 362 адам қол қойды.

«Мен Алтайдағы Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсымын. Ол өмір бойы келісімге келу идеясын түбегейлі жоққа шығарды, кез-келген мәселені шешу тәсілі ретінде зорлық-зомбылықтың негізгі жақтаушысы болды. Ол КСРО-ны көптеген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының сүйектері мен қанынан тұрғызды. Оған ашаршылық, қуғын – сүргін, соғыс, депортация, Семей полигонындағы ядролық сынақтар, кептірілген Арал және т.б. дәлел», — деп жазады петиция авторы Айгүл Мырзағалиева.

Ол сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның ескерткіштер қоюға лайықты көптеген тарихи тұлғалары бар екенін атап өтті.

Ақпарат, фото: t.me/orda_kz