Қазақстанда лауазымды тұлғалардың карантиндегі әрекеті видеоға түсіп қалды

0

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Көкшетауда жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің  қызметкерлері төтенше жағдай режиміне қарамастан, моншаға барды. Видео желіде тарап кетті. Лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті. 

Желіде департамент қызметкерлерінің «біраз демалуымыз керек» деген видеосы тарап кетті.

Полиция 18 cәуір күні сағат 22.30-да рейд жүргізген. Олар «Избушка» монша кешенінде карантин режимін бұзғандарды анықтады.

«Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін «Избушка» монша кешенінің 30 жастағы иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, моншада болған жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің қызметкерлері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазылған хабарламада.

Тәртіп сақшылары шараға қатысқан өзге де адамдарды анықтап жатыр.

Полицейлер каратин режимін сақтау облыстың барша тұрғындарына қатысты екенін атап өтті.



sputniknews.kz