Қазақстанда КВИ-дан қайтыс болған пациенттердің ішкі органдарын ұрлап жатқаны рас па?

0
751

Желіде коронавирустан қайтқан адамдардың ішкі ағзаларын ұрлап алады екен деген видео тарады.

Видеоны түсірушілер мұндай заңсыздықтарды бірге тоқтатуға шақырады.

Бұл туралы KzNews.kz ақпараттық агенттігі Азаттық рухына сілтеме жасап хабарлайды.

StopFake.kz порталының хабарлауынша, шын мәнінде, КВИ-дан қайтыс болған пациенттердің ішкі органдарын ұрлағаннан пайда жоқ. Өйткені, олар трансплантациялауға жарамсыз.

Одан бөлек, Қазақстанда донордың өзінің немесе оның туыстарының тірі кезінде берілген келісімінсіз ішкі органдарын алу заңға қайшы болып саналады. Қазақстанда ағза доноры болу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекспен» реттеледі. Құжатта «тірі кезінде індетті жұқтырған донордан немесе өлген донордан ағзалар мен тіндерді реципиентке трансплантациялау үшін алуға тыйым салынады» делінген.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз