Қазақстанда күн суытады

Сурет: Mareefe
Ел аумағы бойынша 2021 жылғы 30 наурыз бен 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы.
Алда ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қазгидромет мәліметінше, кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
«Мәскеу аудандарынан антициклонның басып кіруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.
Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі», — дейді синоптиктер.