Қазақстанда коронавирустың үшінші жағдайы тіркелді — Қазақстан жаңалықтары

0
164

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирустың үшінші жағдайы туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Миланнан 12 наурызда Нұр-Сұлтанға келген тағы бір науқаста оң нәтиже шықты деген ақпарат келді. Ол әйел», — деді Елжан Біртанов.

13 наурызда Алматыда Германиядан келген екі қазақстандық (1974 ж.т. ер адам және 1984 ж.т. әйел) коронавирус инфекциясының оң нәтижелерін көрсетті. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Коронавирус инфекциясы күдігі бар адамдарда аурудың клиникалық белгілері жоқ.

Екінші инфекция жұқтырған адам 12 наурызда келді. Онымен бірге болған 12 адам, оның ішінде экипаж құрамы Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына дереу карантинге жабылды.

stan.kz