Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 700-ден асты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның екі өңірінде коронавирус инфекциясын жеті адам жұқтырды, осылайша Қызылорда облысында 69, Атырау облысында 36 адам індетке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 704 адамға жетті, деп хабарлады жедел штаб. 

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 4 адам», — желінген хабарламада.

Коронавирус: соңғы мәлімет

Індетті жұқтырғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан  (222 адам) мен Алматы ( 119 адам) көш бастап келеді.

Қарағанды облысында — 55, Ақмола облысында — 42, Атырау облысы — 36, Жамбыл облысында — 45, Шымкент қаласында — 20, Шығыс Қазақстан облысында — 6, Алматы облысында — 10, Ақтөбе облысында — 11, Солтүстік Қазақстан облысында — 25, Павлодар облысында — 1, Маңғыстау облысында — 5, Қызылорда облысында — 69, Батыс Қазақстан облысында — 2, Түркістан облысында — 33, Қостанай облысында — 3, жалпы 704 науқас тіркелді.



sputniknews.kz