Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 200-ден асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирустың тағы 11 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 28 наурызында сағат 11:50-де Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тағы 11 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында — 10 жағдай, Алматыда — 1 жағдай.

Бүгінгі таңда республикада коронавирустың 204 жағдайы расталды, оның ішінде 117 жағдай — Нұр-Сұлтанда, Алматыда — 58 жағдай, Қарағандыда — 4 жағдай, Жамбыл облысында — 3 жағдай, Атырау облысында — 4 жағдай, Ақмола облысында — 5 жағдай. Шымкент қаласында — 2 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында — 2 жағдай, Алматы облысында — 4 жағдай, Ақтөбе облысында — 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 жағдай, Павлодар облысында — 1 жағдай, Маңғыстау облысында — 1 жағдай, Қызылорда облысында — 1жағдай.

stan.kz