Қазақстанда коронавирусты жұқтырған дәрігерлерге әлеуметтік төлем жасау тәртібі анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету нәтижесінде вирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер төлеу тәртібін қарастыратын құқықтық акт әзірленді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі күні ешқандай төлем жасалмады, нормативтік құқықтық актінің жобасы, еңбек министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі арасында бірлескен бұйрық жасалды, онда коронавирус инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету нәтижесінде індетті жұқтырған медициналық қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер тәртібі қарастырылған», — деді Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін ол бүгінде медицина қызметкерлерінің арасында аурудың 120 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде коронавирусты күдіктенген немесе науқастанған адамдарға тікелей медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері арасында 67 жағдай тіркелгенін айтты.

stan.kz