Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

0

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 31 адамға жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

«Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Пациент 1963 жылы дүниеге келген», — дегінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 31 адамға жетті.

Жалпы, инфекция жұқтырғандар саны 4690 адам болды, 1518 адам дерттен сауығып шықты. 



sputniknews.kz