Қазақстанда коронавирустан сегізінші адам қайтыс болды
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Ер адам ауруханаға 8 сәуір күні түскен. Коронавирусқа сынама алынып, оның вирус жұқтырғаны расталды
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Павлодарда 84 жастағы қария коронавирустан қайтыс болды.
Ол 8 сәуір күні «орташа дәрежедегі полисегментарлық пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы» диагнозымен ауруханаға түскен. Ер адам соңғы жылдары демікпе, гипертония және жүрек сырқаты сынды созылмалы ауруларына байланысты есепте тұрған.
sputniknews.kz