Қазақстанда коронавирустан көз жұмған адамдарды жерлеу туралы қаулы шығады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу туралы жаңа заң шығарылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

«Коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты журналистер марқұмды қалай жерлеу керектігі туралы сұрап жатыр. Бүгін кешке немесе ертең таңертең бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысы шығады. Онда қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан талаптарды қатаң сақтау қажеттігі туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірледі», — дейді министр.

Сондай-ақ Дәурен Абаев коронавирустан көз жұмған науқас жайлы сөз қозғады.

«Бізден таңертең қайтыс болған әйелдің диагнозын неге кешке хабарлағанымызды сұрап жатыр. Өлімнің нақты себебі кешкі уақытта ғана анықталды және тез арада бұқаралық ақпарат құралдарына хабарланды», — деді Д. Абаев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирустан көз жұмған әйел жайлы жаңа деректер айтылған болатын. 

stan.kz