Қазақстанда коронавирустан бір науқас көз жұмды
Қазақстанда бір адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 26 наурыз 20:30-да ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.
Бұл — Қазақстанда Covid-19 дертінен қаза тапқан алғашқы адам.
Абаевтың сөзінше, қайтыс болған әйел адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатқан.