Қазақстанда коронавирустан 72 адам емделді — Қазақстан жаңалықтары
Тағы 72 қазақстандық коронавирустан айығып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 72 адам қалпына келді: Алматыда — 21, Павлодар облысында — 1, Қарағанды облысында — 10, Қостанай облысында — 3, Атырау облысында — 17, Маңғыстау облысында — 1, Қызылорда облысында — 4, Алматы облысында — 9, Батыс Қазақстан облысында — 6», — делінген хабарламада.
Жалпы, елде 4168 адам COVID-19-дан айығып шықты.
stan.kz