Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны артты

0
0

Жамбыл облысында тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, өңірде науқастардың саны үш адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған 120-шы науқас тіркелді, деп хабарлады coronavirus2020.kz ресми порталы.

Қауіпті инфекцияны Алматы қаласында 7 адам, Жамбыл облысында 1 адам жұқтырды. Осылайша Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 120 адамға жетті.   

«Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 47, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1 адам, жалпы 120 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылды. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз