Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 2289-ға артты — Қазақстан жаңалықтары
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 38 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде Алматы облысында -1, Ақтөбе облысында — 12, Нұр-Сұлтан қаласында — 5, Жамбыл облысында — 10, Қызылорда облысында — 2, Павлодар облысында — 8 індетке шалдыққан.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 сәуір 22:40-тағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес,
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 428 адам,
Алматы қаласында – 756 адам,
Қарағанды облысында — 103 адам,
Ақмола облысында — 83 адам,
Атырау облысында — 82 адам,
Жамбыл облысында — 98 адам,
Шымкент қаласында — 133 адам,
Шығыс Қазақстан облысында — 15 адам,
Алматы облысында — 69 адам,
Ақтөбе облысында — 55 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында — 30 адам,
Павлодар облысында — 58 адам,
Маңғыстау облысында — 19 адам,
Қызылорда облысында — 161 адам,
Батыс Қазақстан облысында — 86 адам,
Түркістан облысында — 77 адам,
Қостанай облысында — 36 адам,
Қазақстанда жалпы 2289 науқас тіркелді.
stan.kz