Қазақстанда коронавирусқа қолайсыз елдердің тізімі өзгертілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус табылған елдердің тізімін жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Қаулыда көрсетілгендей, бұл шаралар Қазақстан халқының арасында COVID – 19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отыр. Яғни аталған мемлекеттерден келген азаматтар 14 күнге медициналық мекемеде немесе үйлерінде карантинге жабылып, дәрігерлердің бақылауына алынады. 

COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдердің қатарына:

Бірінші А санатқа ҚХР, Иран Оңтүстік Корея мемлекеттері;

Бірінші Б санатқа Италия елі;

Екінші санатқа Германия және Испания;

Үшінші санатқа Жапония, Тайланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак ,Ұлыбритания, Швейцария, ҚХР Гонконг кіріпті.

Бұған дейін Қытай ғалымдары коронавирус белгілерінің өзгеретінін анықтағаны жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz