Қазақстанда коронавируспен күрес аясында жаңа әскери бөлімше құрылды

0

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары әскери қызметшілердің санатын анықтау міндетін қойды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қарулы Күштердің Бас штабында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаменті құрылды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жаңа бөлімшеге қысқа мерзімде қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді, әскерлердің мүмкіндіктерін және әлемнің жетекші елдерінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің даму үрдістерін ескере отырып, Қарулы Күштерді қорғау РХБ жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу міндеті қойылды.

Сондай-ақ, əскери қызметшілердің жеке құрамы мен отбасы мүшелерінің денсаулық қауіпсіздігі мәселесі аса маңызды болып табылады.

«Министр Нұрлан Ермекбаев жұқтыру қаупі жоғары әскери қызметшілердің санатын анықтау, коронавирусқа қарсы күресте отбасы мүшелеріне дәрігерлер, полиция қызметкерлері кіретін және тағы басқа жұмылдырылған адамдарды тексеру міндетін қойды», — делінген хабарламада.

Бұрын енгізілген әскерлер мен әскери қалашықтарда шектеу іс-шаралары ерекше бақылауда болады. Атап айтқанда, барлық әскери нысанда, әсіресе әскери қалашықтарда, тәуліктік нарядпен қызмет атқару орындарында, казармаларда және асханаларда, тосқауыл бекеттерінде, сондай-ақ көлік құралдарында дезинфекция режимін қатаң сақтау күшейтіледі.

Оқи отырыңыз: Таразда әскери бөлім карантинге жабылды

Әскери бөлімдер мен мекемелер бөгде адамдардың келуі қысқартылды, жеке құрамның жаппай жиналуымен өтетін іс-шаралар мен сап түзеулер, шетелге іссапарлар мен демалыстарға шығу шектелді.

Дәрі-дәрмек препараттары, дезинфекциялық құралдар, қорғаныш маскалары мен қолғаптар қоры толықтырылды. Әскери қызметшілермен жұқтыру белгілері мен байланыстары анықталған кезде денсаулық жағдайына бақылау жүргізу және карантиндік шараларды уақтылы қабылдау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қосымша барлығына коронавирустың белгілері жеткізілді, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жадынамалар мен COVID-19-дың алдын алу бойынша қалта брошюралары таратылды.

«Медицина қызметкерлеріне тамақтануды ұйымдарын және осы объектілердің қызметкерлеріне күніне кемінде екі рет медициналық тексеруді жүзеге асыру тапсырылды», — деп хабарлады министрлік.

Әскери басшылықтың шешімімен Алматы қаласындағы қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі толығымен денсаулық сақтау министрлігінің қажеттілігі үшін  берілді.  

 Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі міндеттермен қатар министр Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жою бойынша маңызды жұмысты жалғастыруды, әскери полигондарды тазартуды, сондай-ақ әскери халықаралық ойындарға дайындықты тоқтатпауды тапсырды.



sputniknews.kz