Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 2 есеге артады — бас санитариялық дәрігердің болжамы — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар науқастардың саны сәуір айының соңында 2700 адамды құрайды, ал мамыр айында 4000 адамға жетеді. Бұл туралы брифинг барысында елдің бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан коронавирус індетінің шыңынан өтіп жатыр. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясының өсу қарқыны 8% құрады.

  "Біздің алдымызда тұрған міндет - күн сайын 5%, содан кейін 1% дейін төмендеу.

Коронавирус инфекциясының тұрақтануы немесе төмендеуі туралы жергілікті инфекцияның тіркелген жағдайлары, берілудің байланыс жолдары тіркелмеген жағдайда ғана айтамыз», — деді Есмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2000-нан асқан.
 

stan.kz