Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

187 0 0

Қазақстанда коронавирус жұқтырқандар саны 423 адамға жетті. Ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелдi: Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы қаласында — 1 адам, Қызылорда облысында — 1 адам,  Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Шымкент қаласында — 8 адам, Түркістан облысында — 6 адам,  Ақтөбе облысында — 1 адам», — делінген хабарламада. ⠀

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында — 21 адам, Ақмола облысында — 19 адам, Атырау облысы — 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында — 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 9 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 8 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 26 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 11 адам.

Жалпы, коронавирус жұқтырқандар саны 423 адамға жетті. Үш адам қайтыс болды. 



sputniknews.kz