Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

0

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Қазақстанда 22 наурыздағы сағат 07:30-дағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 1 жағдайы тіркелді.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты жұқтырудың 56 жағдайы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 31 жағдай, Алматы қаласында — 22 жағдай, Қарағанды қаласында — 2 жағдай, Алматы облысында — 1 жағдай.