Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 мыңнан асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Тағы 335 қазақстандық коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус тест

Коронавируспен ауыратындардың жалпы саны елде 9304-ке дейін өсті.

Айта кетейік, қазірдің өзінде 4613 адам аурудан айыққан.

Еске салайық, 26 мамыр күні кешке коронавирустан қайтыс болған тағы екі қазақстандық туралы белгілі болды. Бұл жағдайлар Нұр-Сұлтан мен Қостанай облысында тіркелді. Ауру құрбандарының саны 37-ге жетті.

Бұған дейін, ҚР денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем шақыру керек болатын коронавирустың белгілері туралы айтқан болатын. Естеріңізге сала кетейік, олардың қатарында дене қызуы, құрғақ жөтел, ентігу кіреді.

stan.kz