Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 59-ға жетті

0

Алматыда бір адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Бұл 22 наурызда анықталған бесінші науқас

НҰР-СҰЛТАН, 22 мар — Sputnik. Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус жұқтырды.  

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта жалпы 59 науқас тіркелді», — делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында,

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31, Алматы қаласында 24, Қарағанды қаласында 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе облысында 1 адам індетті жұқтырды.

Коронавирус эпидемиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды. 

Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. 



sputniknews.kz