Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті

0

Бұған дейін 27 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді, оның 11-і Алматыда, қалған 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы бес адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда тағы да коронавирус жұқтырған адамдар анықталды. Алматы қаласында — 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында  — 1 адам.

Сонымен, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 32-ге жетті. Нұр-Сұлтанда — 17 адам, Алматы қаласында — 15 адам.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Қазақстанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ол отыз күнге созылады.

Тағы оқыңыз: Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің жалақысы 2-3 есе өседі

 



sputniknews.kz