Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 308 адамға жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді: Нұр-Сұлтан қаласында – 5 адам, Ақмола облысында – 1 адам
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 308 адамға жетті, деп хабарлады жедел штаб.
Соңғы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 5, Ақмола облысында 1 науқас тіркелді.
Қазақстан өңірлерінде қанша адам індетке шалдықты
- Нұр-Сұлтан қаласында – 173,
- Алматы қаласында – 73,
- Шымкент қаласында – 2,
- Ақмола облысында – 10,
- Ақтөбе облысында – 2,
- Алматы облысында – 8,
- Атырау облысында – 12,
- Шығыс Қазақстан облысында – 2,
- Жамбыл облысында – 3,
- Батыс Қазақстан облысында – 2,
- Қарағанды облысында – 13,
- Қызылорда облысында – 5,
- Маңғыстау облысында – 1,
- Павлодар облысында – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1.
sputniknews.kz